Document

Сен - Сымбатсың, «Достар» сериалындағы ешқашан көңілі түспейтін Фиби . Сен басқаларға қарағанда күлкілі жағдайларға жиі тап боласың, басыңнан өткен қызықты оқиғаларың туралы әңгіме айтқанды ұнатасың. Сондықтан достарыңның назарында болуың таңқаларлық жайт емес. "Мыстан" сериалында сенің кейіпкерің жанжалдың себепшісі, сол үшін де оны полиция алып кетеді. Бірақ Сымбат әрдайым оптимизмге толы, сондықтан кез келген қиыншылықтан тез, әрі оңай құтылып шығады.

Ұстанымың: «Қашанда алға ұмтыл, қыстан кейін әрқашан көктем келеді».

Томирис, Сымбат және Перизат - «Мыстан» сериалының басты кейіпкерлері. Бірде тағдыр ауыр мұңы бар үш әйелдің жолын тоғыстырады: олар өтіріктің, сатқындықтың, зорлық-зомбылықтың құрбандары. Мықты әрі батыл кейіпкерлер әділдікке жету жолында, заңды жазадан құтылғандарды жазалауға бел буады.

Рөлдерде: Ақбота Нұр-Сейтмағамбет, Жандос Айбасов, Әсел Қалиева, Жасмин Салихова.