Document

Сен - Перизатсың, нағыз “әйел-жауынгер Зена”. Сен сөздің емес, істің адамысың. Достарыңның арасында, әдетте, сен ең ақылдысысың және оларға қамқор бола аласың, сонымен қатар, басқалар үшін жауапкершілік алуға қорықпайсың. "Мыстан" сериалында сенің кейіпкерің қақтығысқа бірінші болып бармайды, бірақ басқаларды қиыншылықтардан қорғау үшін батыл қадамдарға баруға әзір. Өз балаларын қорғау үшін бүкіл әлеммен күресуге дайын, тіпті ол үшін қолға пышақ алу керек болса да.

Ұстанымың: "Маған сөздерге сену қиын.Әрекеттерге сенуді жөн көремін".

Томирис, Сымбат және Перизат - «Мыстан» сериалының басты кейіпкерлері. Бірде тағдыр ауыр мұңы бар үш әйелдің жолын тоғыстырады: олар өтіріктің, сатқындықтың, зорлық-зомбылықтың құрбандары. Мықты әрі батыл кейіпкерлер әділдікке жету жолында, заңды жазадан құтылғандарды жазалауға бел буады.

Рөлдерде: Ақбота Нұр-Сейтмағамбет, Жандос Айбасов, Әсел Қалиева, Жасмин Салихова.